Жаңалықтар

«AMANAT» партиясы «Biz Birgemiz» қорына байланысты мәлімдеме жасады

«AMANAT» партиясы «Biz Birgemiz» қорына байланысты мәлімдеме жасады
Фото: Іnstagram/01pk 15.11.2024 19:42 761

Бүгінде БАҚ пен әлеуметтік желілерде «AMANAT» партиясы «Biz Birgemiz» қорының жұмысына қатысы бар деген ақпарат тарауда. Осыған байланысты «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«AMANAT» партиясы «Biz Birgemiz» қорының құрылтайшысы саналмайтынын (толық атауы: «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» ҚБ) және оның қызметіне ешқандай қатысы жоқ екенін түсіндіре кету қажет деп санаймыз.

Айта кетейік, биыл сәуір айында «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты су тасқыны кезеңінде апаттан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетіп, ауқымды жұмыс жүргізді. Белсенділер мен волонтерлер көптеген қайырымдылық ұйымы, соның ішінде «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» ҚБ қоры жинаған гуманитарлық көмекті жеткізуге атсалысты.

Аталған қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілікті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға