Жаңалықтар

Аманқос МЕКТЕП-ТЕГI: «Түркологтың» кiм екенiн бiлмей жатып, «түрколог» атанып жүргендер көп

Аманқос МЕКТЕП-ТЕГI, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетiнiң доцентi, филология ғылымдарының кандидаты:
12.08.2014 08:49 5875

Аманқос МЕКТЕП-ТЕГI, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетiнiң доцентi, филология ғылымдарының кандидаты:

Аманқос МЕКТЕП-ТЕГI: «Түркологтың» кiм екенiн бiлмей жатып, «түрколог» атанып жүргендер көп

Əбеке, түрiктануды зерттеудiң негiзгi мақсаты не? Жал-пы, «Түрiктанушы» деп кiмдi айтқанымыз мақұл?

– Бiрiншiден, бұл ғылымды «Түрiктану» емес, «Төрүктану» деп атағанымыз абзал. Екiншiден, төрүктану – тарихи тамыры-мызды ғылыми негiзде пайымдауға, ұлттық бағыт-бағдарымыз-ды анықтауға қызмет етедi. Негiзi, төрүктанудың халықаралық ғылыми тiлi – қазiргi төрүк тiлдерiнiң бiрi болуы шарт. Əдетте, бұл этностық күрделi мəселенi сырттай бақылап, тиiп-қашты пiкiр айтқандарды «төрүктанушы» деймiз. Мен бұған қосыла алмаймын. Бiз əлi күнге дейiн «қазақтанушы» мен «төрүктанушы» деген атаулардың ара жiгiн ажырата алмай келемiз. Бiле-бiлген адамға олар – өз алдына бөлек-бөлек ұғым. Мысалы, қазақ тiлiмен қатар, татар, түрiк, ұйғыр тiлiн меңгерiп, сол тiлдердегi материалдарды еркiн пайдаланатындарды «төрүктанушы» деуге болмайды. Олар – «қазақтанушы», «түрiктанушы», «татартану-шы» ғана. Өйткенi олар руна жазуы былай тұрсын, төрүк ұлысы тiлiнiң бiр сөзiн де оқи алмайды. Солай бола тұра, оларды қалай «төрколог» деп атауымыз қажет?! Сонда «төрколог» деген кiм? Ол ең болмағанда көк төрүктердiң жазба ескерткiшiн, рухани қазынасын оқи бiлуi мiндеттi. Əрине, тiлiн бiлген артықтық етпейдi. Егер оған шамасы, өресi жетпесе, онда ол төрколог емес. Өкiнiшке қарай, ғылымның бұл саласынан мақұрым кiм-көрiнген «төрколог» атанып жүр. Дегенмен, соңғы жылда-ры төрүктанудың ғылыми орталығы өзiнiң тарихи отаны – Қазақстанға орала бастауы қуантады. Əсiресе, Күлтегiннiң ғылыми көшiрмесi Астанаға əкелiнуiнiң өзi – төрүктану үшiн зор құбылыс.

Маман ретiнде руна жазуы туралы оқырмандарға қысқаша мағлұмат бере кетсеңiз?

– Рунаның жас шамасын мөлшерлеп айту – əзiрге қиындау. Алайда бiздiң жыл санауымыздан едəуiр бұрын, яғни III ғасырға жататын ескерткiштердегi жазу таңбаларынан криптографиялық мағынаны бiлдiретiн құпияның ұшқыны сақталған. Бұл ескерткiштер Талас бойынан табылған. «Руна» сөзi – көшпелi төрүк халықтарының кезiнен жеткен құпия iлiм. Осы iлiм жөнiнде рунатанудың бiрегей бiлгiрi Тайжан Досанов: «Руна» сөзi «Ру+Iнi» сөзiнiң калькасы»деген тұжырым жасайды. Зерттеушiнiң мұндай байламы бұлтартпайтын ғылыми негiзге сүйенгендiгi мəлiм. Сондықтан оған күмəн келтiрудiң еш қисыны жоқ. Демек, «герман рунасы», «швед рунасы», «англо-саксон рунасы», «скандинав рунасы» деген ұғымдармен төрүк руна жазуының арасында тiкелей байланыс бар. Еуропаға руна жазуын бiздiң жыл санауымызға дейiнгi I ғасырда Каспий жағалауындағы ру көсемi алып барған. Бұл туралы деректер бар.

Төрүк халықтарының жазу тарихы қай ғасырдан басталады?

– Ең ежелгi жазба жəдiгерiмiз – Есiк қорғанынан табылған Алтын Адам жанындағы күмiс тостағанға бəдiзделген бiтiк. Бұл бiздiң жыл санауымыздан бұрынғы V – VI ғасырдағы мұрамыз. Бiздiң бағымызға орай, бұл жəдiгер Жер – Ана қойнында сақталып қалды.

Бұған дейiнгi ғылыми əдебиеттерде «Көшпелiлерде жазу болған жоқ. Олар мəдениеттiң қас жауы, бұратана, тағы» деп келгенi белгiлi. Бұл жөнiнде не айтасыз?

– Иə, ол рас. Дүние алма-кезек. Көшпелi төрүктердiң де дəуiрлеп тұрған шағы болған. Сол төрүктердiң адамзат қоғамына қосқан құндылықтарын термелеп, тiзбей-ақ, руна жазуын, таңбатану iлiмiн атасақ та жеткiлiктi. Ал сол өркениетiмiздi жоққа шығарғысы келетiн ғалымсымақтар Алтын Адам табылған кезде «Бұл – иран тiлдес халықтың өкiлi» деп соқты. Қай халық ханзадасын өз Отанынан жыраққа апарып жерлеушi едi?! Сондай-ақ, Алтын Адам жанынан табылған күмiс тостағандағы жазудың төрүк рунасымен шекiлiп, мəтiннiң тiлi де таза төрүкше сөйлеп тұрғанына мəн бермейдi.

Алтын Адам жанынан табылған күмiс тостағандағы жазуды əр ғалым түрлiше құбылтып оқыды. Мұның себебi неде? Сонда қайсысына сенемiз?

– Жазу болған соң белгiлi бiр жүйеленген емлелiк заңдылыққа бағындырылады. Сүйенетiн орфографиялық қағидасы бол-маса, ол жазудың қоғамдық ортадағы тиiстi қызметiн атқара алмасы анық. Ендеше, сөз – сол заңдылығын дұрыс игеруде.

Бұл ретте руна жазуының емлесi жетiлгендiгi сондай, төрүк тiлдерiнiң үндестiк заңына негiзделген. Яғни, дыбыстың жуан, жiңiшкелiгiне қарай жұптастық қатар түзеп, соған сəйкес таңбаланады. Əрине, ең алдымен жазудың бас-аяғын ажыратып алу шарт. Мұны айтып отырған себебiм, мəтiннiң оң-терiсiн айыра алмай, төңкерiп, аяғын аспаннан келтiрiп оқыған «сенсациялық жаңалық» оқулықтардан бастап, ұлт-тық энциклопедиялық еңбекке дейiн енiп, тарихқа қиянат жасалды. Бұл – рунатанушылардың кəсiби дайындығы мен ұлттық этнографиялық бiлiгiнiң таяздығын көрсетедi. Күмiс тостағандағы жазуды жиырмаға жуық ғалымның өз бетiнше түрлендiрiп оқуы – осы сөзiмiздiң нақты мысалы. Ата-бабалары-мыз əруақты сыйлап, марқұмға асыл металдан жасалған ыдысқа соңғы тiлегiн жазып, «тiршiлiк сусынын» құюды ғұрыпқа айнал-дырған. Сондықтан да күмiс тостағанға былай деп жазған: «Кез (кесе, көзе, тостаған) ал... Тiрiлмекшi Алаш. Тегi жақынның (тiлегi) болсын деген аз ғана өтiнiшiмен Ашина...»

Сол кездегi наным-сенiм бойынша «өлген адам тiрiледi» деген түсiнiк болған-мыс. Ал оқулықтарға енiп кеткен нұсқа-лардың мəн-мағынасы жоғарыда айтылған наным-сенiмге сəйкес келмейдi. Онда былай делiнедi: «Аға саған бұ ошақ. Жат ел тiзеңдi бүк. Халықтың қарны тоқ болғай». Мiне, көрiп отырсыз, бұл – барып тұрған сауатсыздық. Сондықтан осындай олқылықтардан арылып, басылым беттерiнде жүрген қателердi түзеткенiмiз абзал.

Егер руна жазуының ұлттық тарихымыз бен мəдениетiмiзге тiкелей қатысы болса, онда оны неге мектептен бастап тереңiрек оқытпасқа? Мұның рунатану ғылымына игi септiгi тиер едi.

– Төрүктану ғылымының iргетасы – рунатану. Өйткенi күллi төрүктiң рухани құндылықтары осы рунадан бастау алады. Бiр кездерi саяси-əлеуметтiк, мəдени-рухани дəуiрлеудiң шыңына көтерiлген төрүк қағанаты қоғамдық ахуалға байланысты ыдырап, орасан дағдарысқа ұшырады. Сөйтiп мəдени-рухани мұрасы ауызша дамуға мəжбүр болды. Сол жаугершiлiк за-манынан берi ауыздан ауызға тарап, ұрпақтан ұрпаққа жеткен Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын, Ер Қосай жырларындағы оқиғаларды тарихи дерек ретiнде пайдалана алмасымыз анық. Егер руна жазуы болмаса, Қар Чор, Күлтегiн, Тонықұқ, Бiлге қаған, Мойын Чор сынды тұлғаларға байланысты маңызды ақпараттарды тарихи құжат ретiнде пайдалана алар ма едiк?! Мiне, ежелгi руналық ескерткiштердiң құндылығы – тарихи көкжиегiмiздi кеңейте түсер деректiлiгiнде. Сондықтан жас ұрпақтың бойына шынайы тарихи сананы қалыптастырып, құпия iлiмнiң нəрiмен сусындау үшiн руна жазуын мектептен бастап, жоғары бiлiм ордаларының бəрiнде мiндеттi пəн ретiнде оқыту бағдарламасы жолға қойылуы тиiс. Бұл ұсынысты Бiлiм жəне ғылым министрлiгi қаперiне алып, қолдау көрсетiп жатса, нұр үстiне нұр.

Əңгімеңізге рақмет.

 

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, «Ағынан жарылсақ», 2004 жыл

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға