Жаңалықтар

Амал мерекесі: Қазақы таным

Адамзат тарихынан жаңа жылды көптеген халықтардың көктемде тойлағанын білеміз. Ежелгі Русьте Христиан дінін қабылдағанға дейін Жаңа жылды 1 март күні қарсы алған.
13.03.2014 04:36 5222

... Маңғыстаулық белгілі архелог А.Астафьев «Маңғыстаулықтардың наурызды қарсы алу ерекшелігі» атты еңбегінде Тұщықұдық ауылының маңынан археологтар шартты түрде «Өтек» деп атаған тастан жасалған бұйымның аршылып алынғанын айтады. Сол «Өтектің» бетіндегі қатар-қатар орналасқан қиғаш тілік түріндегі қарапайым оймыш ғалымдар назарын өзіне аударады. Әр қатардағы тілікті санау және оларды метематикалық есептеу таңқаларлық жаңалықтың ашылуына әкеледі. «Өтекте» аспан айлық  жылдың календарлық есебі сызылған екен. Бұл табылған зат кем дегенде 5 мың жыл бұрын жасалғанына қарамастан көне астроном өз есебін өте дәл жүргізіпті. 12 айды 29 күннен есептегенде 6 күнге жетпейтінін байқаған. Сондықтан 11 айды 29,  12-ші айды 36 тілікшемен белгілепті. Жалпы алғанда көне маңғыстаулықтардың аспанайлық күнтізбесі 355 аспанкүндік тәуліктен тұрған.

Амал мерекесі: Қазақы таным

Сонымен қатар А.Астафьев Оңтүстік Сібір түркілерінде уақыт есебі тоғызкүндіктермен жүргізілгенін айтады. Олардың күнтізбесі негізінен жылдың төрт мезгілімен сәйкес келетін төрт температуралық циклға бөлектелген. Есеп күн ұзару басталатын қысқы қысқа күннен жүргізілген. Қысқы суық тоғыз күннен тұратын тоғыз апта-бұл аяздың «тууы» мен «өлуі» (23 желтоқсаннан 14 наурызға дейін). 14 наурыздан бастап жапырақ «есейіп» көкек келетін көктем туады. «Мүмкін осы дәстүр Маңғыстауға XVIII ғасырдың бірінші жартысында адай қазақтарымен бірге көшіп келген шығар» деген өз болжамын да айтады.

Адамзат тарихынан жаңа жылды көптеген халықтардың көктемде тойлағанын білеміз. Ежелгі Русьте Христиан дінін қабылдағанға дейін Жаңа жылды 1 март күні қарсы алған. Мейрам күндері орыстар Құт құдайының құрметіне арналған шырақтарды шие ағашына ілген. «Түрлі аурулар мен пәле-жаладан сақтайды» деген наным-сеніммен дастархан басына жиналған әрбір шаруаның алдына үш бас сарымсақ, үстелдің қақ ортасына бетін шөппен жапқан 12 тал пияз қойған. Ал, ағылшындар болса, XVIII ғасырдың бас кезіне дейін Жаңа жылды 26 мартта тойлап келді. Біздің дәуірімізден бұрынғы VIII ғасырдың орта шенінен бастап қолданылған күнтізбеде римдіктердің Жаңа жылды Наурыз айынан бастағаны кәзіргі күнтізбелерінде әлі күнге дейін сақталған. Римдіктердің жылдың бірінші айын соғысқа тиым салушы құдай Мартиустың атымен «март» деп атаған.

Амал мерекесі: Қазақы таным

Ал одан берідегі елімізде болып өткен жайларға тоқталар болсақ, Кеңес өкіметінің Халком кеңесі 1918 жылдың 24 қаңтарында «Батыс Европа күнтізбесінің Кеңес өкіметіне енгізілуі» туралы декретімен қолданысқа енгізілді. Бұл кезде екі күнтізбенің айырмашылығы 13 күнге жеткен еді. Ескі күнтізбені 1918 жылдың 31 қаңтарында жауып, келесі күнді 14 ақпаннан бастап санады.

Қалай болғанда да көктемнің алғашқы нышаны өлке жерінде наурыздың 14-де белгілі болады. Олар осы күнді жыл басы деп санаған. Осы күннің алдында (14 наурыздан екі-үш күн бұрын) «Наурыздың ақша қары» жауады. Бірақ ол тез ериді. Кей уақыттарда оны «Құс қанаты» деп те атайды. Яғни, құс келер алдындағы соңғы қар. Тіпті қар жаумаған күннің өзінде салқындық байқалады. Маңғыстаудағы амал (наурыз) күндері сондай белгінің болатынын кез-келген адам байқаған болар деп ойлаймыз. Наурыздың екінші онкүндігінде, нақтырақ айтқанда 16-21 аралығында «Бес қонақ» болады. Бұл күндері табиғатта өзгеріс болып, бұрқақ, жаңбыр немесе қар аралас жаңбыр жауады. Маңғыстау тұрғындары осы «Бесқонақты» өткізіп салғаннан кейін ғана мал төлдетуге Үстірт үстіне көтерілетін болған.

Амал мерекесі: Қазақы таным

Қазақ үшін Наурыз «Ұлыстың ұлы күні» болып есептелген. Өйткені алғашқы мал төлдеп, ауыздың аққа тиетін уақыты да осы. Қыс ызғары қайтады, мал ауызы көкке тиеді. Халық арасында бұл күні «Самарқанның көк тасы да ериді» деген сөз бар. Яғни, жеті қат жер астынан жылы бу көтеріледі, жеті қат көктен нұр жауады. Сонымен қатар осы күні ұяда жатқан құстар да, індегі жануар да, судағы балық та басын көтеріп, бір сәт қозғалмай тұрып, наурызға құрмет қылады деген ұғым да бар. 

Енді мында өтіңіз.

Отыншы КӨШБАЙҰЛЫ,

Өлкетанушы,

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға