Жаңалықтар

Ғалым Г.С.Карелинге арналған дөңгелек үстел

Ғалым Г.С.Карелинге арналған дөңгелек үстел
29.01.2018 12:26 1723

Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Былина» этномәдени бірлестігінің ұйымдастырумен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылғы 25  қаңтар күні Атырау мұнай  және газ университетінің конференция залында ғалым, саяхатшы Г.С.Карелинге арналған  дөңгелек үстел  өтті.

Іс-шараға Орал қаласынан арнайы шақырылған  «Еуразиялық ғалымдар  одағы» қоғамдық қорының директоры, философия ғылымдарының докторы  А. Голубев, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, университет мұғалімдері мен студенттері және БАҚ өкілдері қатысты. Модераторы  «Былина» этномәдени бірлестігінің төрағасы А.А.Короблев болды.

Іс-шара барысында А.Голубев  баяндама жасап,  ғалым  Г.С.Карелиннің жұмыстары мен  бірқатар кітаптарымен таныстырды.

Белгілі ғалым Г.С.Карелиннің Қазақстан аймағын зерреуге қосқан үлесі зор. Ол Орынбор губернаторының тапсырмасы бойынша Казақстандағы Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауына экспедицияға шығып, Өлі қолтық, Қашақ шығанақтарын, Бозащы түбегін, Үстірттің солтүстік-батысын зерттеген. Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің және оған іргелес аудандардың картасын жасаған, жануарлар мен өсімдіктер жайында, жалпы қазақ халқына қатысты түрлі этнографиялық  т.б. бай материалдар жинаған.

1841 жылы Алатаудың қарлы жотасы мен Жетісу өңірінде болып, 1842 жылы Баянауыл, Қарқаралыны аралап, Алтайдың шығыс бөлігінде зерттеулер жүргізген. 1843 жылы Көкпекті округі арқылы Зайсан-Нар өзеніне жетіп, сол өзеннен Өскеменге дейінгі 400 шақырымға ағып жатқан жоғарғы Ертісті сипаттап жазып, маңызды мағлұматтар келтіріп, 1844 жылы Бұқтырма өзенінде зерттеу жүргізгендігі айтылды.

Г.С. Карелин өмірінің соңғы 20 жылында (1849 – 1872) Гурьев қаласында (Атырау) тұрып, жаратылыстану, география саласында жұмыс істеп, сондай-ақ, тарихи материалдар жинаумен шұғылданды. Бірақ ол еңбегін аяқтап үлгермеген.      

Өкінішке орай, Карелиннің Қазақстан табиғаты жайында жинаған бай ғылыми материалдары Атырауда өртеніп кеткен. Тек шағын бөлігі ғана 1883 жылы Орыс география қоғамының жазбаларында жарияланды. Карелиннің ұзақ жылдар бойғы еңбегінің нәтижесін көрсететін кейбір ботаникалық, зоологиялық коллекциялары Санкт-Петербург, Мәскеу мұражайларына табыс етілген.

Сонымен қатар, Атырау мұнай  және газ университеті мұражайының кураторы, академик профессор, жергілікті тарихшы В.К.Афанасьев баяндамасында ғалым Карелиннің зерттеген аймағының  картасымен таныстырды.

Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға