Алуа Нұрманова Qatar Masters Open бәсекесінде жүлдегер атанды

Шахматшы Алуа Нұрманова Доха қаласында өткен Qatar Masters Open бәсекесінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық құрама ойыншысы 9 турдан кейін 4,5 балл жинады.
Осылайша ол Халықаралық спорт шеберінің 1-нормасын және әйелдер Гроссмейстерінің 2-нормасын орындады.
Үндістандық Рамешбабу Вайшали мен Дивья Дешмух 5 ұпайдан алды. Қосымша көрсеткіш ойынша алғашқысы топ жарды.
Айта кетейік, Qatar Masters Open – әлемдегі ең беделді шахмат турнирінің бірі.
Мұнда ФИДЕ рейтингі 2300-ден жоғары ойыншылар ғана сынға түсе алады.
Биыл 44 елден 252-ден астам шаршы тақта шебері жиналды.
Оның ішінде 8 шахматшының рейтингі 2700-ден асқан, ал 60-тан астамы гроссмейстер атағын алғандар.
Турнирдің жүлде қоры 108 250 АҚШ доллары. Бас жүлде – 25 000 доллар.
