Жаңалықтар

Алуа Балқыбекова Нью-Делидегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Алуа Балқыбекова Нью-Делидегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan/ 18.03.2023 16:36 825

Бокстан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алуа Балқыбекова Нью-Делидегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Жеңіл салмақта (48 кг) жұдырықтасқан Алуа Балқыбекова Сингапур өкілі Чи Вай Кей Ванды айқын басымдықпен жеңді.

Бас бапкер Шамиль Сафиуллиннің шәкірті Алуа шаршы алаңда басымдық танытып, жойқын соққылар жасады.

Алуа Балқыбекованың келесі қарсыласы Ресей спортшысы Юлия Чумгалакова болады.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға