Алуа Балқыбекова лицензиялық турнирдің ширек финалына шықты
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
10.03.2024 17:19
1153
Бусто-Арсициодағы Олимпиада жолдамалары сарапқа салынып жатқан турнирде қазақстандық боксшылар арасынан бірінші болып шаршы алаңға шыққан Алуа Балқыбекова келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз Оңтүстік Корея елінің боксшысы Джу Хюнг Чоннан 4:1 есебімен басым түсіп отыр.
Бүгін лицензиялық турнирде ширек финалға шығу үшін тағы 4 боксшы барын салады. Айта кетейік, екі боксшымыз ширек финалға шықты. Олар әйелдер арасында Валентина Хальзова мен ерлер арасында Айбек Оралбай. Енді жеңісті жолды өзге де жерлестеріміз жалғайды деген сенім мол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы облысында қар көшкіні мен су тасқыны учаскелері анықталды
Келесі жаңалық
Түркістанда қытайлық инвесторлармен кездесу өтті