Жаңалықтар

Алуа Балқыбекова лицензиялық турнирде жеңіліп қалды

Алуа Балқыбекова лицензиялық турнирде жеңіліп қалды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 12.03.2024 00:37 619

Бокстан Брусто-Арсициода өтіп жатқан Париж Олимпиадасына іріктеу турнирінде Алуа Балқыбекова қарсыласқа есе жіберіп, жолдамаға ие бола алмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әйелдер арасында 50 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Алуа Балқыбекова ширек финалда германиялық Карина Макси Клецермен өзара мықтыны анықтаған еді. Алайда тартысты жекпе-жекте 3:2 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді. 

Италияда бокстан Қазақстан әйелдер командасы Италиядағы іріктеу турнирінде жолдама иелене алмады. 

Бұған дейін 92 келіде Айбек Оралбай Олимпиада жолдамасын иеленген болатын. Ол финалда АҚШ боксшысынан басым түсті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға