Жаңалықтар

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының ширек финалына өтті
Фото: Бокс федерациясы 11.03.2025 19:27 482

Бокстан әйелдер арасындағы ұлттық құрама спортшысы Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының ширек финалына өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан дүбірлі додада 50 келі салмақ дәрежесіндегі боксшы Алуа Балқыбекова екінші жекпе жегінде жеңіске жетті. Бүгін ол марокколлық былғары қолғап шеберінен басым түсті. 

Ширек финалда отандасымыз түрік спортшысы Айсен Таскинмен кездеседі. Бұл жекпе жек 13 наурызға жоспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға