Жаңалықтар

Алуа Балқыбекова алдағы жоспары туралы айтты

Алуа Балқыбекова алдағы жоспары туралы айтты
Фото: ҰОК баспасөз қызметі 22.03.2025 23:47 382

Сербияның Ниш қаласында өткен бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында 50 келі салмақта сынған түскен Алуа Балқыбекова алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Енді алда 1-15 қазан аралығында өтетін Азия чемпионаты тұр. Демалыстан соң дайындыққа кірісеміз. Ал одан бөлек ең басты мақсатым - 2028 жылы өтетін Олимпиада ойындарында жеңімпаз атанып, елге алтын медальмен оралу, - деді ол ҰОК-ның ресми сайтына берген сұхбатында. 

Сондай-ақ, әлем чемпионы Олимпиада ойындарының оның спорттың мансабындағы басты жарыс екенін де атады. 

Алдағы Лос-Анджелесте өтетін 2028 жылғы Олимпиада ойындарына мақсатты түрде дайындалып жатырмын. Осы әлем чемпионаты, Азия чемпионаты сол әлем біріншілігің алдында үлкен сынақ ретінде қарастырылады, - деді Алуа Балқыбекова. 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға