Алтыннан жасалған неке жүзіктері қымбаттаған

Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
21.08.2023 17:43
1226
Қазақстанда зергерлік бұйымдар өндірісі төмендеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
2023 жылдың қаңтар-шілде аралығында зергерлік және осы тектес бұйымдарды өндіру көлемі 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15,1% азайды.
Мәселен, 2023 жылғы қаңтар-шілдеде қазақстандық компаниялар 677,8 млн теңгеге (2022 жылы қаңтар-шілде – 798,8 млн тг) зергерлік бұйым жасап шығарған.
Биылғы шілде айының қорытындысы бойынша ҚР-да зергерлік бұйымдар мен сағат бағасы жылдық мәнде 4,1% өскен. Оның ішінде алтыннан жасалған неке жүзіктері 2,8%, қолға тағатын сағат 12,5% қымбаттаған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да көршісінің терезесіне оқ атқан ер адам ұсталды
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті