Жаңалықтар

«Алтын тұғыр – 2023»: Ұлттық спорт үздіктері анықталды

«Алтын тұғыр – 2023»: Ұлттық спорт үздіктері анықталды
Фото: ©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙ 21.12.2023 18:40 1551

Астанада ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен «Алтын тұғыр» ұлттық спорт сыйлығын марапаттау салтанаты басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдымен олимпиада чемпиондары, жұлдыздар мен ұлттық спорт түрлерінен спортшылар салтанатты жолақпен жүріп өтті.

«Алтын тұғыр – 2023»: Ұлттық спорт үздіктері анықталды
©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙ

Біз өзімізді шынымен жұлдыздай сезіндік, мұндай ілтипат бізді айрықша қуантты. Бұл одан әрі жеңістерге жетуге, өз бетімізше жұмыс істеуге және өзімізді жетілдіруге күш береді. Бұл да өскелең ұрпақты ұлттық спортпен айналысуға, оның тарихын білуге баулиды, өз мәдениетін тануға ынталандырады, - деп өз әсерімен Әділ Ахметов бөлісті.

Астанада тапсырыла бастағанына 10 жыл толған «Алтын тұғыр» жүлдесінде ұлттық спорт түрлерінде өнер көрсетіп жүрген белгілі спортшылар мен жаттықтырушылар марапатталмақ.

«Алтын тұғыр – 2023»: Ұлттық спорт үздіктері анықталды
©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙ

Шараға 500-ге жуық адам жиналды. Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрында өткен марапаттау рәсімін ұйымдастырушы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы келушілерге нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Алтын тұғыр – 2023»: Ұлттық спорт үздіктері анықталды
©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙ

Қонақтарға садақ ату, асық ату және тоғызқұмалақтан шеберлік сабақтары ұсынылып, қатысушылар өз күштері мен шеберліктерін сынға салды.

«Алтын тұғыр – 2023»: Ұлттық спорт үздіктері анықталды
©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙ

Көпшілік тәтті тағамдармен бірге бауырсақ, қымыздан дәм татты. Қонақтарды, әсіресе қымыздан жасалған субұрқақ таң қалдырды.

«Алтын тұғыр – 2023»: Ұлттық спорт үздіктері анықталды
©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға