«Алтын сапа» конкурсының және «Парыз» сыйлығының иегерлері анықталды
Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі мәлім етті
Мемлекет басшысының «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын марапаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2022 жылғы «Алтын сапа» конкурсының және «Парыз» сыйлығының иегерлері:
- «Үздік индустриялық жоба» номинациясы бойынша Павлодар облысының «Проммашкомплект» кәсіпорны;
- «Үздік инновациялық жоба» номинациясы бойынша Алматы облысының «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорны;
- «Парыз» сыйлығының шағын және орта бизнес иелері арасындағы Гран-при – Ақмола облысының «Шуйское-XXI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
- «Парыз» сыйлығының ірі бизнес иелері арасындағы Гран-при – Атырау облысының «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» кәсіпорны;
- Бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасалған «Үздік өңір» санаты бойынша арнайы сыйлық – Шымкент қаласының әкімдігі;
- «Үздік аудан» санаты бойынша арнайы сыйлық – Сәтпаев қаласының әкімдігі.
