Жаңалықтар

«Алтын Орда» үшін талас қашанға дейін жалғасады?

«Алтын Орда» үшін талас қашанға дейін жалғасады?
Фото: Қарасай ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің суреті 09.11.2023 16:12 5009

Жайдарман ойынында командалардың бірі «Алтын Орданың» соңғы ханы кім дегенде Болат хан деп айтып еді. Астарында шындығы бар әзіл. Енді Алматының «Алтын Орда» базарына келсек, мұнда қожайын болуға талас жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әзірге экс-қожайын Болат Назарбаев ауруханада. Ол Алматы қаласының Орталық клиникалық ауруханасына жатқызылған.  Нақтырақ айтсақ, 3 қарашада миокард инфарктінің қайталануы деген диагнозбен орталық қалалық клиникалық ауруханасына шұғыл жеткізілген. Қазіргі уақытта Болат Назарбаевтың жағдайы ауыр және тұрақсыз, бүйрек жеткіліксіздігі көрсеткіштерінің нашарлауы байқалады деген ақпарат бар.

«Алтын Орда» үшін талас қашанға дейін жалғасады?

Дәл содан бір күні Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев «Алтын Орда» базарына қатысты тексеріс қорытындысын айтқан еді.

Білесіздер ме, біз зерделеген құжаттарда ол базар иесі деп көрсетілмеген. Сондықтан мен оның тұлғасы туралы, Болат Назарбаев меншік иесі, оның «құлағы бір жерден қылтиып тұр» деп айта алмаймын, - деген еді Арман Шаққалиев.

«Алтын Орданың» бес мыңнан астам сауда нүктесі бар. Бұл базарға күніне 50 мыңнан астам келіп, сауда жасайды. Базар Алматы қаласы мен Алматы облысындағы көкөніс, ет өнімдері мен жемістердің көтерме саудасының 40%-ын және бөлшек саудасының 70%-ына дейін қамтиды.

Қазір базардың иелері «Компания Number One» ЖШС (95%) мен Данияр Әлпиев (5%) болып отыр.

Жалпы, бұл базарды алғаш рет 2000 жылдары қырғыз кәсіпкері Алтынбек Әлпиев достарымен бірігіп ашқан. Жеті жылдай өзі басқарады. Сосын 2007 жылы Алтынбек Әлпиевті қасақана өлтіріп, серіктес достары базарды сатып жіберген.

Кейіннен бұл базарға Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың иелік еткені туралы айтылады. Ол бұл базарды «Kurylys LTD» ЖШС арқылы басқарып отырған. Болат Назарбаев «Алтын Орданы» қарамағына 2013 жылы алған көрінеді. Сөйтіп, BN ALTYN ORDA LTD кәсіпорнын құрған.

«Қаңтар оқиғасынан» кейін дәл осы сауда орнына қатысты көп шындық мәлім болды. Президенттің өзі жауаптыларға «Алтын орданың» маңайындағы кейбір былықтарды реттеуге тапсырма берген болатын.

Былтыр қыста Сауда және ин­теграция министрлігі «Алтын Ор­да» базары Kurylys LTD жауап­кер­шілігі шектеулі серіктестігіне тие­сілі екенін мәлім етті. Аталған се­ріктестік тарапынан 1 миллиард 600 миллион теңге көлемінде заң­бұзушылыққа жол бергенін анық­тады. Айтпақшы сол тексерулерден соң базардың иесі ретінде Данияр Әлпиев деген азаматтың аты атал­ды. Данияр – қайтыс болған Алтынбек Әлпиевтің ұлы. Ол 2019 жылы  банк ісіндегі қылымысы үшін «алаяқтық» бабы бойынша 3 жыл 9 ай мерізімне шартты түрде бас бостандығынан айырылған.

«Екі қошқардың басы қазанға сыймайды» дегендей, екі қожайын болуы да жағдайды ушықтырып тұр. Өйткені дау-дамай басылар емес. Қазір ауқымды сауда кешені үшін талас жүріп жатыр. Саудагерлерден де маза кеткен. Ал құзырлы органдар әзірге тиісті шара қолданбай отырған көрінеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға