«Алтын контрабандасымен айналысқан»: Қазақстанның екі азаматы Түркияда ұсталды

Фото: ҚР ҰҚК
Фото: ҚР ҰҚК
04.04.2024 13:33
889
Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі Түркияның құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесе іздеуде жүрген екі Қазақстанның азаматын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰҚК мәліметінше, олар 3 сәуірде Ыстамбұл қаласынан Алматыға жіберілді. Олар алтын контрабандасымен айналысты деген күдікке ілінген.
Олар аса ірі мөлшерде алтынның экономикалық контрабандасын, сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және басшылық жасады деген күдікпен тергеу изоляторына қамалды, - делінген мәліметте.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды