Алты жылдан кейінгі кездесу: анасы мен баласының кездесуі көпшілікті елжіретті
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр
22.12.2023 14:35
3190
Әлеуметтік желіде тараған ұлы мен анасының алты жылдан кейінгі кездесуі көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде Оңтүстік Кореяға жұмыс бабымен кеткен Дәулет есімді жігіттің әуежайдан ата-анасын күтіп алғандағы видеосы тарады. Ол ата-анасын бес жарым жылдан бері алғаш рет көргелі тұрғанын айтады.
Қатты қобалжып тұрмын, сезімді айтып жеткізе алмаймын. Қазір анам келеді, құшақтаймын, сүйемін, жылап жіберетін сияқтымын, - дейді Дәулет күту залында тұрып.
Видеоның астында пікір қалдырған оқырман қауым анасы бар адамдардың бақытты екенін жазуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға