Жаңалықтар

«Алты рет үйленген». Балаларды азаптаған емшіге қатысты тың дерек шықты

«Алты рет үйленген». Балаларды азаптаған емшіге қатысты тың дерек шықты
Фото: Видеодан кадр 20.06.2024 11:03 9233

Асырап алған балаларды азаптап келген шымкенттік емші туралы тың дерек айтылды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Ол писхикалық ауытқуына байланысты жазадан құтылды. Almaty.tv мәліметінше, жабық сотта емшінің бұл алғашқы қылмысы емес екені де айтылды. Адвокат жетімдер өміріне немқұрайлы қараған білім басқармасын кінәлады.

Егер емделіп жатса, бостандыққа шығады. Ол 1995 жылдан бері шизофрения диагнозымен есепте тұр. Бұл істе Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы Білім басқармасының кемшілігі көп. Сманов бұрын осылай жауапкершілікке тартылғаны, есепте тұрғаны белгілі. Жүйке ауруы шизофрениямен жас кезінен бастап ауырған. Соны ескерместен балаларды асырауға берген, - деді Смановтың қорғаушысы Убадулла Нұрманов.

1990 жылдары атағы дүркіреген емші 6 рет үйленген. Бірақ некесінің бесеуі сәтсіз аяқталып арада бала болмаған. Ал соңғы әйелімен 6 баланы асырап алыпты. Ол үшін тіпті арнайы курстан өтіп, сертификат да алған көрінеді.

Күдікті әйелімен 2021 жылы үш айлық психологиялық дайындық курсын бітіріп, тиісті сертификат алған. Осыдан кейін олар электронды портал арқылы бала асырап алу туралы өтініш жолдаған. Барлық ұсынылған құжат мұқият тексерілді. Психикалық ауытқулар немесе сертификат болған жоқ. Соттылығы да болмаған. Тек оқиғадан кейін оның денсаулық жағдайы да, соттылығы да деректер базасында пайда болды, - деді Білім басқармасының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы Нұрдәулет Абылаев.

Айта кетейік, Смановтың әйеліне қатысты әзірге ешқандай қылмыстық іс қозғалған жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға