Жаңалықтар

Алты қазақстандық боксшы «Странджа» кубогының финалына шықты

Алты қазақстандық боксшы «Странджа» кубогының финалына шықты
Фото: ҚР ҰОК 01.03.2025 04:36 151

Болгарияның София қаласында кіші әлем чемпионаты аталып кеткен «Странджа» кубогы жалғасуда. Қазақстан әйелдер құрамасынан бірнеше отандасымыз ақтық сынға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарыс күнінің қорытындысы бойынша финалға өткен қазақстандық спортшылар: Әйгерім Сәттібаева (48 келі), Әнел Сақыш (54 келі), Айдана Забынбекова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Жібек Жарасқызы (81 келі), Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары). 

Ал финалға өте алмаған сегіз боксшы жарысты қола жүлдемен аяқтады. Қола медальға ие болған спортшылар: Элянур Турганова (50 келі), Жансая Рахымберді (52 келі), Жазира Орақбаева (52 келі), Сымбат Әлиасқар (54 келі), Лаура Есенкелді (63 келі), Гаухар Шайбекова (66 келі), Азиза Исина (70 келі), Шұғыла Нәлібай (75 келі).

Айта кетейік, әйелдер арасындағы финалдық бәсекелер 2 наурыз күні өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға