Алты миллион алимент төлемеген әке қамауға алынды

Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
19.06.2024 04:36
669
Маңғыстау облысында алимент төлеуден жалтарған борышкер қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі облыс прокуратурасына сілтеме жасап.
Жаңаөзен қаласының прокуратурасы алимент бойынша 6 млн теңге берешегі бар борышкерге қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабымен тіркелген қылмыстық істі сотқа жолдады", - деп жазылған прокуратура таратқан ақпаратта.
Айыпталушы сотқа келуден жалтарған, қала прокурорының өтінішімен сот борышкерге іздеу жариялады.
Жүргізілген іздестіру іс-шаралары нәтижесінде борышкер Қостанай қаласында ұсталып, қамаққа алынды, - деді прокуратура тарапы.
Қазіргі уақытта алимент бойынша берешек толық өтеліп, қылмыстық іс сотқа жолданған.
Бөлісу:
