Жаңалықтар

Алты айға дейін балаға тек ана сүтін беру керек – педиатр

Алты айға дейін балаға тек ана сүтін беру керек – педиатр
Фото: © Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 07.08.2023 16:20 1113

Астана қаласының бас педиатры Дана Әбілғазина сөзінше, елімізде аналар әрбір үш сәбидің екіншісін алты айға дейін ана сүтінен басқа тағамдармен тамақтандырады. Дәрігердің сөзінше, бұл – сәби үшін қауіпті құбылыс.

Сондай-ақ Дана Әбілғазина ана құқығының қорғалуына да тоқталып, биылғы апталық емізулі балалары бар аналардың құқықтарын қорғауға арналатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алты айға дейін балаға тек ана сүтін беру керек – педиатр

2023 жылғы апталық ана құқығын қорғап, 18 аптадан кем болмайтын, алты айдан асатын жүктілік демалысының берілуін және жұмысқа шыққаннан кейін де оларға қажетті жағдайдың жасалуын насихаттауға бағытталады. Биылғы жылдың алты айында Астанада 15 121 бала дүниеге келген, - деді ол.
Оның сөзінше, жұмыс беруші емізулі аналарға жұмыс орнында қолдау көрсетіп, жағдай жасауы айтарлықтай маңызды. Мамандардың айтуынша, ана сүті, сондай-ақ сәби денсаулығы мен оның дамуына қажетті гормондарды, ферменттерді, биологиялық белсенді қоспаларды және иммундық жүйені нығайтатын бірегей құрамнан тұрады. Соған қарамастан үш сәбидің екеуі дәрігерлердің талабын орындамайды, алты ай бойы тек ана сүтін ембейді. Бұл көрсеткіш соңғы жиырма жылда өзгермеген. Ал №3 көпбейінді қалалық ауруханасының неонатолог-дәрігері Ұлсерік Қалибекова ана сүтінің маңызы мен мәніне тоқталды.

Алты айға дейін балаға тек ана сүтін беру керек – педиатр

Ана сүті – баланың дене бітімі мен ой-санасының толыққанды дамуына ықпал ететін, баланың да, анасының да денсаулығына оңтайлы әсер тигізетін, бала үшін теңдесі жоқ қорек, - дейді Ұлсерік Қалибекова.
Қазақстанда ана сүтімен емізуден бас тартудың себептеріне балаға омырауды дұрыс бермеуден тері қабатының ауырсынуы, фармацевтикалық компаниялардың жасанды қоспаларды жарнамалауы, ана сүті мен табиғи емізудің маңызын түсінбеу жатады.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға