Жаңалықтар

«Алтай мұралары» халықаралық автоэкспедициясы сапарға аттанды

Алтай – өркениеттің бесігі
14.06.2016 07:19 4109

Бүгін таңертең Еуразия ұлттық университетінен «Алтай мұралары» халықаралық автоэкспедициясы жолға шықты. Мақсат – Алтайдың мәдени-тарихи мұраларымен кеңінен танысу, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Еуразия ұлттық университетінің 20 жылдығын насихаттау.

 «Алтай мұралары» халықаралық автоэкспедициясы сапарға аттанды

Сапарға аттанған автоэкспедицияның құрамында 20 адам бар. Олардың ішінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғалымдары, этнографтар, тарихшылар, жазушылар, еңбек сіңірген өнер қайраткерлері, қоғам қайраткерлері, дәрігерлер, студенттер, шығармашыл жандар мен БАҚ өкілдері және экспедиция демеушілері бар. Экспедицияға қатысушылар еліміздің бірнеше тарихи-мәдени орындарынан бөлек  Алтайдағы қасиетті елді-мекендерді аралайтын болады.

 «Алтай мұралары» халықаралық автоэкспедициясы сапарға аттанды

«Алтай мұралары» халықаралық автоэкспедициясының ұйымдастырушылары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.  

«Алтай мұралары» халықаралық автоэкспедициясы сапарға аттанды 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов:

Биылғы жыл ел тарихындағы ерекше жылдардың бірі. Себебі біз биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлаймыз. Биылғы жылғы қоғамдық, саяси мәдени іс-шаралардың барлығы осы үлкен тойға бағытталады. Маусым айы рәміздер айы болғандықтан, мемлекеттің рәміздеріміздің бірі – Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков осы сапарға өзі де бірге аттанып бара жатыр. Ол кісі әрі университетіміздің профессоры. Осыны да пайдалана отырып, Елтаңбамыз арқылы әлемге еліміздің жақсылығын, жетістігін насихаттауды көздейміз. Биыл Еуразия ұлттық университеті 20 жылдығын атап өтті. Соған да байланысты автоэкспедиция ұйымдастырып отырмыз. Неге «Алтай мұралары» деп атадық? Алтайды жағалай қоныстанған қазақтарды аралауды, солармен жүздесуді жоспарладық. Алтай даласында жатқан құндылықтарды зерттеу, сол жерді мекендеген адамдарға Қазақстанның жеткен биігін насихаттау мақсатында бара жатыр.

«Алтай мұралары» халықаралық автоэкспедициясы сапарға аттанды 

5 автокөлікпен алыс сапарға аттанған 20 адам 4500 шақырымды бағындырмақ. Олар тек мәдени ескерткіштер мен құнды жәдігерлерді аралап қана қоймай, түрлі танымдық кездесу кештер ұйымдастырмақ. Экспедиция құрамындағы өнер майталмандары қазақтың дәстүрлі әні мен күйінен шашу шашып, концерттер ұсынатын болады.

«Алтай мұралары» халықаралық автоэкспедициясы сапарға аттанды 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков ағамыз әрбір кездесуде Алтай даласын мекендеген бауырлас қазақтарға өз қолтаңбасын қойып, Елтаңбаны сыйға тартатын болады.

Алтай мұраларын зерттегеннен кейін, университет ұжымы келесі бір автоэкпедицияны Моңғол даласына яғни Баянөлгейден бастап, Уланбатырға дейінгі қашықтықты қамтитын сапарды жоспарлап отыр. Болашақтың еншісіндегі үшінші экспедиция «Шоқан жолы» деп аталады. Ол жолы тарихшыларымыз Қашқарияға сапар шегетін болады.  

«Алтай мұралары» халықаралық автоэкспедициясы сапарға аттанды 

«Алтай мұралары» халықаралық автоэкспедициясының тағы бір мақсаты – елімізде автомабильдік туризмді дамытуға үлес қосу.

«Алтай мұралары» халықаралық автоэкспедициясы сапарға аттанды 

Бұл сапардың мақсаты – тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен университетіміздің 20 жылдығын мерекелеу аясында автомобильдік туризмді насихаттау, отаншылдық тәрбие беру, шетелдегі қазақ диаспорасымен байланысты нығайту, табиғатты аялау, тарихи-мәдени ескерткіштерді аралау, оларды зерттеу мақсатында қолға алынған іс-шара, –  дейді Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Шығыстанеу кафедрасының профессоры Тұрсынхан Зәкенұлы.

Автоэкспедиция Қазақстан бойынша Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтиды. Сапарға аттанғандар тарихи тұлғаларға бай мекен Абай мен Шәкәрім мемориалдық кешені, Кеңгірбай би ескерткіші, Мамай батыр кесенесі, Тоқтамыс батыр кесенесі сондай-ақ Көкбай ақын мұражайын аралайтын болады. 

Автоэкспедицияға «Цеснабанк» АҚ мен «Қазмұнайгаз» ҰК ресми демеушлік көрсетсе, «Казконтент» АҚ, National Geographic Казахстан, «Қазақстан» ТРК ақпараттық демеу көрсетті.


Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға