Жаңалықтар

Алтай Көлгінов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болды

Алтай Көлгінов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болды
Фото: gov.kz 03.04.2023 17:38 942

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Алтай Сейдірұлы Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген.

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.

2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарады.

2008-2010 жылдары жеке меншік компанияда қызмет етті.

2010-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің аумақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.

2012-2013 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметінде болды.

2016-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі болды.

2019 жылғы маусымнан 2022 жылғы желтоқсан аралығында – Астана қаласының әкімі.

2022 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға