Алтай Әбибуллаев Черногория Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті
Қазақстанның Черногориядағы Елшісі ретінде Алтай Әбибуллаев Черногория Президенті Мило Джукановичке сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президент сарайында өткен салтанатты шарада Қазақстан-Черногория қарым-қатынастарының казіргі ахуалы мен болашағы, сондай-ақ өзара ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге көтерудің нақты көздері егжей-тегжей талқыланды.
Ұлттық төл мерекемізбен сай келген дипломатиялық рәсім барысында М.Джуканович барша Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен шынайы құттықтап, елімізге бейбітшілік, одан әрі гүлдену мен өркендеу тіледі. Черногория басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты қайта сайлануымен тағы да құттықтап, Қазақстанға жаңа белестер мен табыстар тіледі.
Сонымен қатар, ол Қазақстан Президенті бастамасымен жүзеге асып жатқан саяси және кешенді әлеуметтік-экономикалық реформаларға жоғары баға беріп, Қазақстан Черногорияның Eуразиялық кеңістігіндегі басты саяси және сауда-экономикалық әріптесі екенін басып айтты.
Президенттің пайымдауынша, Черногориядағы жыл сайын Қазақстан азаматтарының демалысы, жерлестерімізге қолайлы жағдай туғызып, қауіпсіздіктерін одан әрі қамтамасыз ету қағидатты басымдық болып қала бермек. Подгорица 2023-2024 жылдары Қазақстан азаматтарына маусымды визасыз режимі мен тікелей рейстерді сақтау үшін барынша мүдделі.
