Алпысты алқымдаған "темір" Тайсон шаршы алаңға қайта оралады

Фото: instagram.com/miketyson
Фото: instagram.com/miketyson
08.03.2024 08:37
1919
57 жасар әйгілі былғары қолғап шебері Майк Тайсон рингке оралады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Аңыз спортшы 20 шілдеде АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтонда кезекті жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отыр. Оның қарсыласы кәсіби рингте 10 кездесу өткізіп, оның тоғызын жеңген америкалық блогер Джейк Пол болмақ. Жепе-жектің қандай форматта өтетіні әлі белгісіз. Жекпе-жек Netflix платформасында көрсетілетін болады.
Майк Тайсон кәсіби мансабын 2005 жылдың маусым айында 50-6 рекордық көрсеткішпен аяқтағаны жанкүйерлерге белгілі. Ол WBA, IBF және WBC нұсқасы бойынша ауыр салмақ категориясындағы әлем чемпионы атанған еді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ұлттық банк алаяқтық оқиғаларға қатысты пікір білдірді
Келесі жаңалық
FlyAryatan бортында жолаушының рюкзагы өртенді