Жаңалықтар

Алматының хирургтары ер адамның аяғын ампутациядан аман алып қалды

Алматының хирургтары ер адамның аяғын ампутациядан аман алып қалды
Фото: gov.kz 17.09.2023 19:47 658

Алматы қаласының орталық қалалық клиникалық ауруханасына ауыр диагнозы бар 68 жастағы ер адам келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оған келесі диагноз қойылды: облитерациялық атеросклероз, жоғарғы сан артериясының окклюзиясы және төртінші дәрежелі  аяқтың ауыр ишемиясы.

Аяқтың ауыр ишемиясы - бұл аяқтың тініне артериялық қанның келуі іс жүзінде тоқтайтын жағдай, бұл гангренаға және аяқтан айырылуға әкелуі мүмкін.

Пациентке аяқты ампутациялау қауіпі төнді, өйткені мұндай диагноз 35% жағдайда ампутациямен, 18% – өліммен аяқталады. Ампутациялау ықтималдығы жоғары болған кезде өлім-жітім 9-21%-ды, ал бес жылдық өмір сүру деңгейі 45%-ды құрайды. Ампутациядан кейін ер адам әдетте тек мүгедектер арбасымен қозғалады.

Алайда, Алматы қаласының орталық қалалық клиникалық ауруханасында қолжетімді жоғары технологиялық әдістерді қолданудың арқасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) есебінен төленген инновациялық операция жүргізілді.

Бұл операция - перифериялық артериялардың эндоваскулярлық катетерлік атерэктомиясы-жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеудің заманауи әдісі. Ол рентгендік операциялық бөлмеде жергілікті анестезиямен жасалады және пациенттің емшара кезінде  есінде болуына  мүмкіндік береді.

Есшвра шап аймағындағы немесе білектегі тері арқылы артерияға ішкі қол жеткізуді қамтиды, содан кейін мамандар қалыпты қан айналымын қалпына келтіру үшін өткізгіштер, катетерлер, баллондар және стенттер сияқты құралдарды енгізеді.

"Операция бір сағатқа созылды және сәтті өтті. Бұл жағдайда біз HawkOne көмегімен эндоваскулярлық атерэктомияны қолдандық. Операциядан кейін пациент ауруханада ұзақ уақыт болмай-ақ өте тез қалпына келеді және көптеген жағдайларда араласудан кейінгі келесі күні шығарылуы мүмкін. Жаңа құралдардың пайда болуы белгілі бір емдеу әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді.Әр жолы біздің ауруханадағы жабдықтар мен жарақтандыру жақсаруда және біз  "аяқ - қолды ампутациялаудан" ғана емес, сонымен қатар көптеген тамырлы патологиялардан адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын жақсартуға мүмкіндік аламыз", - дейді ОҚКБ тамыр хирургы Сұлтан Ілиев.

Тамырішілік атерэктомия  аяқ тамырларының атеросклеротикалық зақымдануы бар пациенттерді емдеудің тиімді әдісі болып табылады және күрделі клиникалық жағдайларда эндоваскулярлық әдістерді қолдану аясын кеңейтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға