Жаңалықтар

Алматыны су басты: тұрғынның көшеде жүзіп жүрген видеосы тарады

Алматыны су басты: тұрғынның көшеде жүзіп жүрген видеосы тарады
Фото: Видеодан алынған кадр 08.08.2023 22:00 1364

Алматыда жауын-шашын салдарынан Алмалы және Наурызбай аудандарындағы бірқатар көшені су басты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде тараған видеолардан тұрғындардың белден су кешіп жүргені, тіпті жүзіп жүргенін де көруге болады. Айталық, осындай жағдай «Алма сити» тұрғын үй кешенінің маңында түсірілген.

Дегенмен әкімдік жағдай толық бақылауда екенін алға тартты.

Сағат 18.50-де «RBS Дорстрой» ЖШС мердігерлік ұйымы және қызмет көрсететін компанияның күшімен су басқан жерлер тазартылды. Қазір барлық жағдай бақылауға алынды, желілер мен іргелес аумақты қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, - делінген мәліметте.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Специально для КрисПи | Алматы (@kris.p.brothers)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға