Алматыны қалың тұман басып, қала жолдары дұрыс көрінбей қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ал шаһар тұрғындары түрлі аудандардан түсірілген фотоларды әлеуметтік желіге жариялап жатыр.
Бүгін таңертеңнен бері қаланың кейбір аудандарында қалың тұман байқалады.
Бұған дейін Алматы қаласының ТЖД «Қазгидрометтің» дауылды ескертуіне сүйене отырып 16 наурызға қараған түні тауға тұман түсетінін хабарлаған болатын.
Сондай-ақ, құтқарушылар тұрғындарды тауға барудан бас тартуға, ал тауда қалған туристерді барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұлттық банк теңге неге әлсіреп жатқанын түсіндірді
Келесі жаңалық
Ваучерлік қаржыландыру жүйесі несімен тиімді