Жаңалықтар

Алматының ҚХА-сы ҚР Президенті Жолдауын талқылады

Алматының ҚХА-сы ҚР Президенті Жолдауын талқылады
05.09.2019 16:14 2139

Алматы қаласындағы Достық үйінде «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын этномәдени бірлестіктер арасында талқылауға арналған жиын өтті. 

Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, Алматы қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері қатысты.

Алматының ҚХА-сы ҚР Президенті Жолдауын талқылады

Іс-шараны Алматы қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, Алматы қаласы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Назар Балғымбаев кіріспе сөзімен ашты.

«Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығының төрағасы Князь Мирзоев, Алматы корей ұлттық орталығы төрағасының орынбасары Георгий Кан, Алматы қаласы ҚХА ғылыми-сарапшылық тобының төраға орынбасары Светлана Ананьева Жолдаудың негізгі аспектілеріне тоқталып, білім беруге, мемлекеттің дамуының қазақстандық моделін, ұлтаралық келісімді одан әрі нығайтуға бағытталған сұрақтарға тоқталды.

Алматының ҚХА-сы ҚР Президенті Жолдауын талқылады

Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ҚХА кафедрасының меңгерушісі Болысбек Батталханов «Жолдауда саяси, құқық қорғау, әлеуметтік бастамалар биліктің халықпен ашық, жауапты диалогы үшін негіз болады, Жолдау әрқайсымызға бағытталғанын» атап өтті.

Одан әрі пікір алмасу басталды. Әрбір қатысушы Президенттің жолдауына қатысты өз ойларын ортаға салып, талқылауға көшті. Ең бастысы Жолдаудың әрбір тармағы халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанына ерекше назар аударылды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға