Жаңалықтар

Алматылықтарға су мен жылуды үнемдеуге қатысты жаңа тариф түсіндірілді

Алматылықтарға су мен жылуды үнемдеуге қатысты жаңа тариф түсіндірілді
Фото: © Pixabay.com 19.07.2024 21:40 625

Алматы тұрғындарына су мен жылуды тұтынудың әлеуметтік нормаларын енгізу туралы айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысы Әсел Бөденеева «Салалар бойынша тұтынудың әлеуметтік нормаларын енгізу» бойынша брифинг өткізді.
Спикер өз сөзінде су ресурстарын тұтыну мәдениетін арттыру және тұтынушыларды суды және жылуды үнемдеуге ынталандыру мақсатында енгізіліп отырған өзгерістерді айтып берді. Яғни, табиғи монополиялар туралы заңнамаға сумен және жылумен жабдықтау қызметтерін тұтыну көлеміне байланысты жоғары тарифтерді белгілеуге бағытталған жеке тұлғалар (халық) тұтынушылар топтары үшін «тұтынудың әлеуметтік нормаларын» енгізу бөлігінде «неғұрлым көп үнемдесеңіз, соғұрлым аз төлейсіз» қағидаты бойынша өзгерістер енгізілген.

Коммуналдық меншік саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қосымша алған табысы ТКШ саласындағы басым міндеттерді шешуге, оның ішінде ресурс үнемдеу технологияларын енгізуге, жөндеу жұмыстарын жүргізуге, приборлауға және т. б. бағытталатын болады.

Сумен жабдықтау саласында тұтыну лимитіне байланысты төрт деңгейлі тарифті қолдану көзделген. Мұнда экономикалық шығындар келесідей бөлінген:
1 топ – 3 текше метрге дейін тұтынушыларға қолданыстағы тариф;
2 топ – 3-тен 5 текше метрге дейін тұтынушыларға тариф қолданыстағы тарифтен 20% - ға жоғары болады;
3 топ – 5-10 текше метрге тариф 50 %-ға жоғары;
4 топ – 10 текше метрден асатын болса екі еселенген тариф қолданылады.

Жылумен жабдықтау саласында тарифтерді саралау бір абонентке шаққандағы тұрғын үй алаңының шамасы бойынша жүзеге асырылады:
1 топ – 100 ш. м. дейін бекітілген тариф;
2 топ – 100-ден 200 ш. м. дейін тариф бекітілгеннен 10% - ға жоғары;
3 топ – 200 ш.м. астам орташа еңбек тарифін қолданатын болады.

Сонымен қатар тұтынудың әлеуметтік нормаларын енгізу қосымша табыстың мақсатты пайдаланылуын бақылаумен сүйемелденетін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға