Жаңалықтар

Алматылықтарға ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматылықтарға ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов 25.02.2025 16:33 97

26 ақпан күні таңертең Алматы қаласында жаңбыр түрінде жауын-шашын күтіледі, кешке ылғалды қарға ауысады, ол 27 ақпанда тәуліктің басында аяқталады, түнгі кезеңде ауа температурасы -3...-5 градус аязға дейін, күндіз +1...+3 жылу төмендейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмысқа ауыстырылады, өндірістік базаларда жүргізушілердің, механизаторлардың және жол жұмысшыларының тәулік бойы кезекшіліктері ұйымдастырылады.

Қар жауа бастағанға дейін орналасқан жерлердегі көктайғақ құбылыстарының алдын алу мақсатында 204 құм таратқыштың кезекшілігі ұйымдастырылатын болады. Алдын ала қар жауар алдында негізгі магистральдық көшелерді сұйық реагенттермен өңдеу жоспарлануда. Тәулік бойы 624 бірлік арнайы техника мен 1380 жол жұмысшысын тарту жоспарлануда, - делінген мәліметте.

Бұдан басқа, жолдардың қауіпті учаскелерінде, түсулерде, көтерілулерде, жол айрықтарынан шығуларда мұздың алдын алу және жою үшін 46 жедел бригаданың күшімен жол жамылғысының жай-күйін патрульдеу жөніндегі жұмыс күшейтілетін болады. Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.

Жолдардың жүріс бөлігіндегі болжамды мұздануға, тротуарлардағы көктайғаққа байланысты автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерден сақтық шараларын сақтауды сұраймыз. Жүргізушілерге жылдамдықты төмендетуге, автомобильдер арасындағы қашықтықты арттыруға және өткір маневрлерден аулақ болуға кеңес береміз, - деп қосты басқарма.

Көлік жүргізу тәжірибесі аз адамдар автокөлікпен жүруден бас тартып, қоғамдық көлікке ауысқандары дұрыс. Жаяу жүргіншілер мұзды қабыршақтың пайда болуына байланысты тротуарларда жүру кезінде сақтық шараларын сақтауы керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға