Сейсмикалық стансалар желісі 7 қаңтар күні таңғы 09:10 кезінде Алматыда жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 55 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
MSK-64 бағаны бойынша Қазақстан аумағында, оның ішінде Түргенде — 3 балл, Алматыда — 2 балл күші сезілді, — делінген кезекші оператордың хабарламасында.
Зілзаланың энергетикалық санаты — 9.3.
MPV магнитудасы — 4.6.
Тереңдігі — 10 шақырым.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Талдықорғанда екі мәйіт табылды
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды