Жаңалықтар

Алматылықтар үшін тауық етінің бағасы тұрақты болады

Алматылықтар үшін тауық етінің бағасы тұрақты болады
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі 06.11.2024 01:35 779

Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру мақсатында «Алматы» ӘКК» АҚ «Алатау-құс» АҚ құс фабрикасымен қарыз шартын жасасты. Келісім аясында қалада өндірушінің тауық еті (сан еті мен жамбас) бағасы бекітілетін болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Алатау-құс» АҚ фирмалық дүкендерінің сөрелеріндегі және Алматыдағы үйдің жанындағы дүкендердегі өнімнің бағасы бір килограмм үшін 1 100 теңгеден аспайды.

Келісілген шарттасу бойынша жалпы көлем 1818 тоннаны құрайды. Тұрақтандыру кезеңі 24 ай.

Алматы әкімдігінің мәліметінш, өнімдерді сату нүктелерінің мекенжайларын almatyazyk.kz сайтынан білуге болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға