Жаңалықтар

Алматылықтар тиімді шартпен бизнесін дамытып жатыр

Алматылықтар тиімді шартпен бизнесін дамытып жатыр
Фото: instagram.com/akimat_almaty 12.04.2025 03:29 328

Алматыда Almaty Business-2025 бағдарламасы аясында жеңілдетілген несиелер беру жалғасуда. Кәсіпкерлердің жобасына байланысты жылдық 2% немесе 6% мөлшерлемемен несие алуға мүмкіндігі бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдік ұсынған мәліметке сүйенсек, 2025 жылдың алғашқы тоқсанында 572 миллион теңге көлемінде несие берілді. Несиенің үштен бірінен астамы өндіріс және өңдеу саласындағы жобаларға бөлінген. Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету, туризм және білім беру саласындағы жобалар да қаржыландырылды.

Несиенің ең жоғарғы сомасы — 78,6 миллион теңге. Ал мерзімі — 7 жылға дейін. Басты шарт: бизнес Алматыда тіркелген болуы керек. Басымдық берілетін салалар: өндіріс, әлеуметтік кәсіпкерлік (білім беру, спорт, медицина), импорт алмастыру және экспорт, креативті индустрия.

2019 жылдан бері бағдарлама аясында 600-ден астам жоба қаржыландырылып, жалпы сомасы 14 миллиард теңгеге жуықтады. Нәтижесінде 2 500-ден астам жұмыс орны құрылып, 2 миллиард теңге салық төленді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға