Жаңалықтар

Алматылық жастар несиені жеңілдікпен қалай ала алады?

Алматылық жастар несиені жеңілдікпен қалай ала алады?
Фото: El.kz 14.07.2023 17:19 554

Алматыда жастар үшін 2,5 пайыздық мөлшерлемемен шағын несие алуға өтінім қабылданып жатыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ несиелеу бөлімінің бас маманы Қанат Омаров айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Спикердің сөзінше, негізгі талаптардың ішінде өтінім беру сәтінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелу мерзімі 5 жылдан аспауға тиіс. 21-35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлер мен жұмысшы жастар жеңілдетілген несие алуға үміткер бола алады.

Осы бағдарламамен Қазақстан Республикасы бойынша 28,9 млрд теңге бөлінді, оның ішінде Алматы жастары үшін 4,8 млрд теңге бөлінді. Бұл – мыңға жуық кәсіпкер мен жастар. Алматы қаласы бойынша 350 кәсіпкер мен жастарға кеңес берілді, 71 кәсіпкер бойынша өтінімдер қабылданды, олардың төртеуі комиссияның қарауына жіберілді, - деді Қанат Омаров.

Айтуынша, шағын несие сомасы мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін, бизнестің басқа бағыттары үшін – 5 жылға дейін. Несие сомасы – 5 млн теңге.

Шағын несие мерзімінің ұзақтығының үштен біріне дейінгі негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең көзделген. Кепілмен қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт. Кепілмен қамтамасыз ету түрінде жылжымалы және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепілмен қамтамасыз ету болмаған жағдайда үшінші тұлғаларды кепіл беруші ретінде тартуға болады (ата-аналары, туыстары және тағы басқалары), - деді ол.

Несиелеу бойынша шешімді қала әкімдігі жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Комиссияға қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, бизнес-қоғамдастық пен БАҚ өкілдері кіреді.

Қажетті құжаттар тізімі:

1. жеке басын куәландыратын құжат

2. жоба бойынша бизнес-жоспар

3. шоттың болуы туралы қызмет көрсететін банктен анықтамалар

4. қаржы ұйымдарынан (кредиттер болған кезде) кредиттік берешектің, оның ішінде мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтамалар

5. қатысушының/үміткердің жалақысын және (немесе) өзге де табыстарын растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме) болған кезде

6. кепілді қамтамасыз ету ретінде берілетін мүлікті бағалау туралы есеп

7. кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар.

Құжаттарды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (Сәтбаев көшесі, 5) филиалына тапсыру қажет. Шағын несиелер бойынша толық ақпаратпен корпорация agrocredit.kz.сайтында танысуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға