Алматылық «Қайрат» «Бенфикадан» басым түсті

Фото: instagram.com/afckairat
Фото: instagram.com/afckairat
25.08.2023 12:48
906
Алматылық «Қайрат» футзалдан Португалияда өтіп жатқан «International Masters Cup» турнирінде екінші мәрте жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстандық команда екінші кездесуінде Португалияның «Бенфика» клубымен кездесті.
Ойын 5:2 есебімен «Қайрат» жеңіске жетті. Олардың қатарынан Кайо Руис пен Алекс Виана екі голдан соқса, Денер Родриго бір мәрте қарсылас қақпасынан саңылау тапты.
Айта кетсек, «Бенфика» 2009/10 жылғы маусымда футзалдан УЕФА кубогының (қазіргі футзалдан Чемпиондар лигасы) жеңімпазы.
Енді алматылық клуб 26 тамызда елорда уақытымен 23:30-де португалиялық «Брагамен» кездеседі.
Бөлісу:
