Жаңалықтар

Алматылық дәрігер ұшақта есінен танып қалған студенттің өмірін сақтап қалды

Алматылық дәрігер ұшақта есінен танып қалған студенттің өмірін сақтап қалды
Фото: Pixabay.com 05.03.2025 09:04 287

Шымкент-Астана рейсінде 20 жастағы студент есінен танып қалып, шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұшақ бортында болған реаниматолог, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ жаңа туған нәрестелердің анестезиологиясы, реанимациясы және қарқынды терапиясы бөлімшесінің меңгерушісі, нейрохирург және кардиолог Нұрсұлтан Құрбанбеков жедел көмек беріп, жолаушының өмірін сақтап қалды.

Пациенттің импульсі әлсіз, қан қысымы нөлдік деңгейде болған. Бұл ауыр жағдайды білдіреді. Дәрігердің жедел және үйлестірілген іс-қимылының арқасында қыздың жағдайы бірнеше минуттан кейін жақсарды. Анамнезде қандағы гемоглобин деңгейі небәрі 61 екені анықталды және пациент емделмеген. Бұл - есін жоғалту себебінің бірі болуы мүмкін, - деп жазды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға