Алматылық әжелер Дубайда сән топтамасын ұсынды
Алматыдағы ұзақ өмір сүру орталығының мүшелері Дубай мен Абу-Дабиде өнер көрсетіп, ерекше стиль мен сергектігі арқылы көпті таңғалдырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дубайдағы TODA театрында режиссер әрі продюсер Ольга Сапожникова түсірген «Ұзақ өмір» деректі фильмінің тұсауы кесілді. Іс-шара аясында фильмнің басты кейіпкерлері – «Алматы әжелері» тобының мүшелері «Ақ кербез» сән топтамасын ұсынды. Іс-шараға қала әкімшілігінің өкілдері, Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігі және мәдениет қайраткерлері қатысты. Модельдер өздерінің ерекше стилі мен сергектігі арқылы көрермендерді таңғалдырды, сондай-ақ Абу-Дабидегі Лувр музейінде өнер көрсетті.
Бұл іс-шара Қазақстан мен БАӘ арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға үлес қосып, белсенді өмір салтының маңыздылығын көрсетті,-делінген қала әкімдігінің мәліметінде.
Айта кетсек, бүгінде Алматыда 15 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді. Онда 40-тан астам тегін қызмет көрсетіледі. Екі жыл ішінде оған мүше жандардың саны 7 есе өсіп, 2024 жылы 6 073 адамға жетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram