Жаңалықтар

Алматылық әйел 6 адамды оп-оңай сан соқтырып кеткен

Алматылық әйел 6 адамды оп-оңай сан соқтырып кеткен
Фото: Алматы қалалық Полиция департаменті 19.02.2025 22:40 650

Алматыда 40 жастағы әйел өзін «әмбебап көмекші» ретінде таныстырып, бірнеше адамды сазға отырғызып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Полиция дерегінше, ол жәбірленушілердің біріне қайырымдылық қоры арқылы баспана алуға көмектесуге уәде берген, ал енді біріне интернет арқылы жоқ пәтерлерді жалға берген.

Қазіргі уақытта полицияға 6 адам арызданды. Олардың әрқайсысына келтірілген шығын көлемі 200 мыңнан 1 миллион 600 мың теңге аралығында. Бірнеше рет жасалған алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Күдіктінің жеке басы, басқа да ықтимал қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде, - деді Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға