Алматыға жақын маңда жер сілкінді

Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы 22 ақпан күні Алматы уақытымен сағат 16.25-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Зілзала ошағы оңтүстік-шығысқа қарай Алматыдан 439 шақырым қашықтықта Қытай аумағында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 11.6. MPV магнитудасы - 5.3. Тереңдігі - 15 км. Сезілуі туралы ақпарат жоқ», - делінген хабарламада.
Статистикалық деректерге сүйенсек, Қазақстанда бір жылда шамамен 12 мың жер сілкінісі тіркеледі.
Қазақстанның ең қауіпті апат аймағы – Алматы қаласы. 1887 жылы Алматыда 7,3 балдық зілзаладан 332 адам көз жұмған екен. 1910 жылы магнитудасы 8,2 балды құраған жер сілкінісінен 44 адам қаза тауып, 800-дей үй қираған.
