Алматыға ұшып келе жатқан отандық ұшақ Бакуге қонуға мәжбүр болды

Фото: ©El.kz - архив
Фото: ©El.kz - архив
24.03.2025 15:06
439
Тбилисиден Алматыға ұшқан Air Astana ұшағы Бакуге шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Airbus A321 бортындағы жолаушылардың бірінің денсаулығы нашарлап, ұшқыш Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайға шұғыл қонуды сұрады, - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Жолаушыға медициналық көмек көрсетіліп, қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды.
Air Astana әуе компаниясының шешімімен рейс кейінге шегерілді. Қалған жолаушылар қонақүйге орналастырылды.
Бөлісу:
