Алматыға Тәжікстанның Ұлттық әскери контингенті келді

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
29.09.2024 15:02
616
Алматы халықаралық әуежайының әскери секторына Тәжікстан Республикасының Ұлттық әскери контингенті келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бітімгерлер ҰҚШҰ ұжымдық бітімгерлік күштерінің "Мызғымас бауырластық-2024" бірлескен командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысады.
Тәжікстан әскери қызметшілері біздің еліміздің аумағына Душанбеден Қазақстан Республикасы Қарулы күштері әскери-көліктік авиациясының ұшақтарымен жеткізілді.
Олар бірден жаттығу өтетін "Берег" полигонына марш жасап жетті. Онда 1 қазанда оқу-жаттығудың салтанатты ашылу рәсімі өтеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Аида Балаева қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті