Жаңалықтар

Алматыдан алтын пластиналар алып шықпақ болған америкалық ұсталды

Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады
Алматыдан алтын пластиналар алып шықпақ болған америкалық ұсталды
Фото: Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі 02.08.2022 18:07 2216

Алматыдағы «Жетісу» кеден бекетінде алтын контрабандасының жолы кесілді, деп хабарлайды El.kz порталы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– 23 шілдеде Алматы қаласындағы халықаралық әуежайдың ұшу залында «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері шекара қызметімен бірлесіп, «Алматы-Ыстанбұл» әуе рейсімен жалпы салмағы 319 грамм болатын 10 дана сары металдан жасалған пластиналарды алып бара жатқан АҚШ азаматын ұстады. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Орталық кеден зертханасы жасаған сараптама нәтижесіне сәйкес, табылған тауар «аффинирленген алтын» ретінде айқындалды.

Шетелдік тұлғаға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тыйым салулар мен шектеулерді сақтамай, тауарларды өткізгені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 545-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген. Бұл үшін жеке тұлғаларға тауарлар тәркіленіп немесе тәркіленбей, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады, – делінген ресми хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға