Алматыдан Германияға жаңа рейс ашылады

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay
20.12.2024 01:42
443
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшулар географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осылайша, 2025 жылдың 1 маусымынан бастап қазақстандық «Air Astana» әуе компаниясы Алматы – Франкфурт бағыты бойынша аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі) жиілікпен жаңа рейс ашуды жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта әуе компаниясы Франкфуртқа Астана мен Оралдан ұшады. Алматыдан әуе рейстерінің ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Туристерге ыңғайлы болу үшін рейстер A321LR типті ұшақтарда орындалатын болады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
2024 жылы елімізде 600 мектеп асханасы модернизациядан өтті
Келесі жаңалық
Ақтөбеде полиция мыңға жуық көлікті алып жүрді