«Алматыдан айырылғалы тұрмыз»: депутат нені меңзейді?
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Сергей Пономарев Мәжілістің пленарлық отырысында Алматыдағы экологиялық жағдайдың дағдарысты деңгейге жеткенін мәлімдеп, оны жақсарту үшін бірнеше шара ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, қала ластанудың салдарынан өз ерекшелігін жоғалтып отыр.
Бүгінде біз еліміздегі ең көркем және ерекше қалалардың бірі – Алматыдан айырылғалы тұрмыз. 2024 жылы экологиялық жағдай күрт нашарлады: Алматы 120 ірі мегаполистің ішінде әлемдегі ең ластанған 5 қаланың қатарына кірді. Ауаның сапа индексі бойынша қала көш бастап тұр. Осындай қауіпті көрсеткіштің кесірінен қала тұрғындарына сыртта болуды шектеу ұсынылады, ал аллергиясы бар адамдарға тіпті күнделікті өмірде қорғаныс маскасын киюге тура келеді. Бұл – қазіргі заманғы мегаполис үшін қолайсыз жағдай, – деді депутат.
Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, ластанған ауа жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жолдарының ауруларын, инсульт, инфаркт, астма және өкпе қатерлі ісігін тудыратынын айтты.
Әсіресе, балаларға қауіп жоғары: лас ауа олардың иммунитетін төмендетіп, өкпенің дамуын тежейді және тыныс алу жүйесінің ауруларына шалдығу қаупін арттырады. Бұл мәселені шешудегі кешігулер миллиондаған азаматтың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.Дамыған елдерде көлік шығарындыларын экологиялық стандарттарға сай бақылау заманауи әдістермен жүзеге асады. Мемлекет басшысы цифрландыруды дамыту қажеттігін айтты, бұл Алматының экологиялық мәселелерін шешудің ең тиімді жолы болуы мүмкін, – деп атап өтті депутат.
Пономарев Алматыдағы 19 экопосттың жұмысын тексергенін, бірақ олардың қалаға кіретін көліктерді тиімді бақыламайтынын жеткізді.
Күн сайын қалаға 700 мыңға жуық көлік кіреді, ал әр экопост күніне небәрі төрт хаттама ғана рәсімдейді. Бұл не жұмыс істемейді, не сыбайлас жемқорлыққа жол берілгенін көрсетеді. Басты мақсат – бюджетке айыппұл түсіру емес, жүргізушілерді экологиялық стандарттарды сақтауға ынталандыру болуы тиіс. Алайда, қазіргі экопосттар бұл міндетті орындамай отыр. «Қарасу» шағын ауданындағы бекетте тұрақты жалақы алатын үш қызметкер қарабайыр газ анализаторын менің көзімше қосып, тіпті Алматының қарапайым аязында да қатып қалатынын айтты. Полицейлердің өздері оларды ұрып-соғатынына шағымданып, бұл жағдайда адамдар қозғалтқыштарды жөндемей, полиция арқылы экологиялық мәселелер шешіледі деп отыр, – деді ол.
Депутат экологиялық жағдайды жақсарту үшін мынадай шараларды ұсынды:
- Мемлекеттік және квазимемлекеттік органдарға тек электромобильдер сатып алуға рұқсат беру;
- Алматы әкімдігіне қоғамдық көліктердің электрлі үлесін арттыру;
- Барлық такси қызметін үш жыл ішінде кезең-кезеңімен электромобильдерге көшіру бағдарламасын әзірлеу;