Алматыдан 428 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Фото: © Shutterstock.com
Фото: © Shutterstock.com
27.08.2023 15:55
860
Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 428 км қашықтықта жер сілкінісі сезілді. Дүм ошағы Қырғызстан аумағында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісі 27 тамыз күні Алматы уақыты бойынша сағат 04:11-де жер сілкінісін тіркегенін мәлімдеді.
Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 428 км қашықтықта Қырығызстан аумағында болған екен. Ал дүмпудің энергетикалық класы 9.8 болса, Магнитудасы 4.6. MPV-ді байқатты. Ал эпицентрінің бағыты 40.88° с.е. 72.78° ш.б. жатыр.
Тереңдігі 5 км шақырымда болса, өзге сейсмикалық сезілуі туралы ақпарат жарияланбады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға