Алматыдан 364 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay
19.01.2025 15:12
501
2025 жылғы 19 қаңтарда Астана уақытымен сағат 11:30-да Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 364 шақырым жерде орналасқан. Магнитудасы 4,4 құрады. Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеді, - делінген хабарламада.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев мансабын аяқтады
Келесі жаңалық
Ақтөбеде ер адам тереңдігі 3 метрге жуық құдыққа құлап кетті