Алматыдан 272 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі мәлімдеді
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz
29.09.2022 21:15
1621
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 29 қыркүйек күні Алматы уақытымен сағат 16:48-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz.
«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 272 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық класы - 10.4. MVP магнитудасы - 4.8. Бағыты - 40.95° с.е. 78.21° ш.б. Тереңдігі – 15 шақырым. Сезілгені жайлы мәлімет жоқ», - делінген хабарламада.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Көктайғақ, тұман: 8 өңірде ескерту жарияланды
Келесі жаңалық
Былтыр елімізде 123,6 мың жұп неке қидырған