Алматыдан 254 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Сейсмологтар 29 ақпан күні сағат 09:48-де тағы бір жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 254 шақырым жерде – Қытай аумағында орналасқан. Магнитудасы - 4,4.
Энергетикалық класы: 10.3.
Алматыда сезілмеген.
Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының басшысы Дәулет Сәрсембаев көпқабатты үйде тұратын әрбір алматылық білуі керек 10 қарапайым ережені еске салды.
Сабырлы болыңыз, үрейленбеңіз;
Дүмпу кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз, үй ішінде дүмпудің басылғанын күтіңіз;
Жиһаздардан, терезелерден, шамдардан, люстралардан алысырақ болыңыз;
Тығылатын орын табыңыз – "өмір үшбұрышы" (көтергіш/негізгі/ішкі қабырғалардың бұрышынан орын алыңыз);
Ғимараттан шығу (көпқабатты үйлерде – жер асты дүмпулері тоқтағаннан кейін);
Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
Алдын ала дайындалған "дабыл чемоданын" алыңыз;
Ғимаратты эвакуациялау кезінде электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болу керек;
Жер асты дүмпулеріне дайын болыңыз;
Балаларға, қарттарға, мүгедектерге көмек көрсетіңіз.