Алматыдағы зират маңынан қару-жарақ табылды
![Алматыдағы зират маңынан қару-жарақ табылды Алматыдағы зират маңынан қару-жарақ табылды](/storage/storage/element/2023/09/14/mainphoto/68337/1200xauto_f7GkeQWmhmhsXmqLhZdmmQicdZgl2Nh77VOLBQw7.jpg)
Алматыдағы зират маңынан қару-жарақ табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаменті №72 мекемесі жедел бөлімінің ақпараты бойынша Алматы қаласы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп өткізілген жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде Кеңсай зиратының маңынан ИЖ және ТОЗ екі тегіс ұңғылы мылтық, Урал бір мылтық және патрондар табылды.
Сондай-ақ аталған мекеме жедел қызметкерлерінің ақпараты бойынша Түрксіб ауданына қарасты аймақтан да тегіс ұңғылы бір мылтық пен патрондар табылды. Аталған фактілер бойынша Медеу және Түрксіб аудандық полиция басқармаларынан жедел-тергеу тобы шақырылып, тіркелген факт бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы, 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары ҚАЖД баспасөз қызметі.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)