Жаңалықтар

Алматыдағы жол апатына себепкер автобус жүргізушісі қамауға алынды

Алматыдағы жол апатына себепкер автобус жүргізушісі қамауға алынды
Фото: Видеодан кадр 26.06.2024 22:15 785

26 маусымда Алматыдағы Мақатаев пен Масанчи көшелерінің қиылысында болған жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, жол апатына себепкер болған жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қоғамдық көлік қозғалысының жылдамдығын анықтау тұрғысында сараптама тағайындалды.

Айта кетейік,  оқиға Алматының Алмалы ауданында сағат 14:20-да болған. Kia жүргізушісі Мақатаев көшесінен өтіп бара жатып, #18 бағыттағы автобуспен соқтығысса, қоғамдық көлік дүкенге барып соғылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға